APORT MALL EAST 2023 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында, Halyk Bank және Даму қоры қаржылық қолдауымен Кульджин тас жолында орналасқан 150 мың шаршы метр аумақты қамтитын екінші lifestyle-молл Aport East салтанатты түрде ашылды. Моллда Қазақстандағы ең ірі кинотеатр — Kinoplexx 16 IMAX Halyk Bank орналасқан, ол 16 залдан тұрады және IMAX залының экраны ТМД елдеріндегі ең үлкен экран болып табылады (экран ауданы 377 м²). Сондай-ақ, 50 мейрамхана мен кафе концепциясынан тұратын ең үлкен фудкорт және Қазақстан үшін жаңа форматтағы «супер» Magnum супермаркеті (ауданы 4395 м²) бар. Жоба нәтижесінде 5000-нан астам жұмыс орны құрылды.

Молл 30 минуттық көлік қолжетімділігі радиусында шамамен 1 миллион адамға қызмет көрсетеді. Моллда әлемдегі ең ірі ритейлер Inditex компаниясының ең үлкен форматтағы дүкендері ұсынылған — Zara, Massimo Dutti, Oysho, Bershka, Stradivarius, Pull&Bear және т.б. Сонымен қатар мұнда Қазақстанда алғаш рет жаңа брендтер мен дүкендер ашылады: L’Étoile — косметика мен парфюмерия сататын желі, SPX — түрік спорт киімі мен аяқ киім бренді, Super Step — Қазақстандағы алғашқы мультибрендті аяқ киім дүкені..