

Біз істейтіннің бәрі спорттан бастау алады. Спорт ойын алаңында да, одан тыс та адамдардың өмірінде барған сайын маңызды рөл атқарып келеді. Ол әр мәдениет пен қоғамның орталығында орналасқан және денсаулық пен бақыттың негізі болып табылады.

Біздің жетістігіміздің кілті — адамдарымыз және біздің мәдениетіміз.Олар біздің мақсатымыз бен миссиямызбен айқындалатын даралығымызды жүзеге асырады.

«Спорт арқылы біз өмірді өзгерте аламыз» деген мақсатымыз компанияны қалай басқаратынымызды, серіктестермен қалай жұмыс істейтінімізді, өнімдерді қалай жасайтынымызды және тұтынушылармен қалай әрекеттесетінімізді анықтайды. Біз әрқашан адам мүмкіндіктерінің шекарасын кеңейтуге, адамдарды спортқа тартуға және біріктіруге, сондай-ақ тұрақтырақ әлем құруға ұмтыламыз.

Спортшылар орташа нәтижемен қанағаттанбайды. Біз де солай. Біздің нақты миссиямыз — әлемдегі ең үздік спорттық бренд болу. Біз күн сайын жұмысқа әлемдегі ең жақсы спорттық тауарларды жасау және сату, ең үздік қызмет пен тұтынушы тәжірибесін ұсыну үшін келеміз — және мұның бәрін тұрақты түрде жасауға тырысамыз. Біз сенімді, инклюзивті және тұрақты көшбасшы болғанда ғана ең мықты боламыз.
