

Nike — спорттық киім мен аяқ киімге маманданған америкалық трансұлттық компания. Бас кеңсесі Бивертон қаласында (Орегон штаты) орналасқан. Компания 1964 жылғы 25 қаңтарда құрылған. Nike — әлемдегі спорттық тауарларды сатудағы жетекші компаниялардың бірі. Өнімдері Nike, Air Jordan, Total 90, Nike Golf, Team Starter, Nike Air, Nike LeBron, Space Hippie және басқа да брендтермен шығарылады. Сондай-ақ Nike Converse және Hurley International брендтерімен өнім шығаратын компанияларды да басқарады.
