Бүгін кинотеатрда

Aport Mall West — бұл Қазақстандағы ұқсас нысандардан бірнеше есе үлкен заманауи сауда-ойын-сауық кешені, жалпы ауданы 210 000 м2-ден асады. 

Aport Mall West Алматы қаласының негізгі магистралі — Бішкекке баратын Райымбек даңғылында тиімді стратегиялық орналасқан, көлік ағыны минутына 150-ден асады. Сондай-ақ моллдың мақсатты аудиторияға өте жақын орналасуы да үлкен артықшылық — 5 минутта шамамен 250 000 адам, 10 минутта 550 000 адам тұрады. Жақын маңда «Алтын Орда» базары орналасқандықтан да клиенттік база кең, онда аптасына шамамен 250 000 келуші бар, олар моллға тез жете алады. Моллдың жанында 30-дан астам қоғамдық көлік бағыты бар аялдама орналасқан. Ал молл аумағында келушілерге арналған 5000-нан астам көлік орны бар тегін паркинг қарастырылған.

International Property Awards халықаралық ұйымының нұсқасы бойынша Aport моллы 2010, 2011 және 2012 жылдары Қазақстанның үздік жобасы деп танылды.