

Бүкіл отбасыға арналған киімнің ең танымал ритейлерлерінің бірі H&M елдегі ең ірі молл – Апортта жаңа дүкенін ұсынды. Енді Қазақстандағы брендтің алтыншы дүкені Aport Mall келушілеріне 1811 шаршы метр аумақта мінсіз шоппинг сыйлайды.
Брендтік дүкеннің салтанатты ашылуы қолжетімді бағамен сапалы әрі трендтік киімді ұнататындардың назарын бірден аударды. H&M клиенттерге деген қамқорлығымен алғашқы 100 келушіге 5000 теңгелік сыйлық карталарын, ал келесі 100 келушіге 3000 теңгелік карталарды сыйға тартты. Дегенмен, дүкеннен барлығы да риза болып шықты: ұсынылған модельдердің көптігі мен стильдердің әртүрлілігі әркімнің талғамына сай келді, бұл брендтің жоғары танымалдылығын тағы да дәлелдейді.
