

Ойын-сауық сегментіндегі флагман – Funky World отбасылық ойын-сауық паркі, жалпы аумағы 5 000 ш.м., биіктігі 10 метр.
Funky World ойын-сауық паркінің жаңа концепциясы Қазақстан нарығы үшін бірегей:
1.Италиядан келген заманауи, қауіпсіз аттракциондар;
2.АҚШ, Жапония және Англиядан соңғы буын ойын автоматтары;
3.Әртүрлі жастағы балаларға арналған аймақтарға бөлінген аумақ;
4.Жарқын әрі ерекше декорациялар.
Парк аумағында келесі аттракциондар орналасқан: американдық таулар, құлау мұнарасы, айналма дөңгелек, отбасылық шынжырлы карусель, жануарлармен карусель, секіргіш иттер, 8 қабатты лабиринт/балабақша, батут орталығы және т.б.
