Alser – көп жылдық тарихы бар бренд.
Біз 25 жыл бойы технологияларды әр адамға қолжетімді етіп келеміз. Біздің дүкендерде электроника әлеміндегі ең үздік компаниялардың өнімдері ұсынылған – Apple, Samsung, Intel, LG, Microsoft, Canon, SONY, Acer, HP, Philips, Panasonic, BOSCH және бұл толық тізім емес. Өндірушілермен тығыз серіктестік Қазақстанға өнімдерді алғаш жеткізуге мүмкіндік береді.
Дүкен табалдырығынан аттаған сәтте сіз қазіргі шақта болсаңыз, ішке кіргеннен кейін болашақ әлеміне енесіз. Цифрлық технологияның жаңалықтары, ең сәнді гаджеттер, инновациялық электрондық өнімдер – өміріңізді жеңіл әрі бақытты ететіннің бәрін бір жерден таба аласыз. Бұл Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді. Біздің бөлшек дүкендеріміз елдің әр өңірінде бар. Ал интернет-дүкен арқылы кез келген техниканы үйге жеткізіп тапсырыс беруге болады.
. Alser компаниясының әр қызметкері ортақ миссиядан шабыт алады: адамдарға ең қымбат нәрсені – уақыт пен рахатты сыйлау. Технологиялар күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешуді жеңілдетті, ал сүйікті контентті (музыка, фильмдер, кітаптар) бірнеше секундта табуға болады. Бұрын мүмкін емес болып көрінген нәрсенің бәрі қазір Alser-де қолжетімді.