

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көшбасшы.
Компания мобильді және қалалық телефон байланысы, халықаралық және қалааралық байланыс, деректерді беру, сымсыз технологиялар негізінде интернетке қолжетімділік, талшықты-оптикалық қосылу, Wi-Fi, сондай-ақ үшінші және төртінші буын желілері қызметтерін ұсынады. Стандартты қызметтерден бөлек, Beeline көптеген цифрлық мүмкіндіктерді де ұсынады: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, заттар интернеті (NB-IoT), сондай-ақ M2M, MDM және E2E шешімдері.
Beeline Қазақстан Reputation Institute жүргізген репутациялық аудит нәтижесінде елдегі ең беделді оператор ретінде танылған.
