

Decathlon – бүкіл отбасыға арналған француз спорттық гипермаркеттер желісі. Алғашқы дүкен 1976 жылы Францияның солтүстігінде ашылған. Қазіргі таңда әлемнің 70-тен астам елінде 1 600-ден астам дүкен жұмыс істейді. Қазақстанда әзірге екі дүкен бар. Decathlon дүкендерінде ұсынылатын тауарлардың дерлік барлығы өз өндірісінен.
— Біз күн сайын өз миссиямызды жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз
— спортты қолжетімді ету. Әр елдің өзіндік ерекшелігі мен тарихы бар, сондықтан адамдарға құрметпен қарап, спортпен айналысуға мүмкіндік беру өте маңызды, себебі спорт кез келген кедергіні жояды,
– дейді Decathlon Kazakhstan бас директоры Жером Антонио Да Сильва.

