

«Кселл» АҚ мобильді дауыс байланысы қызметтерін, қысқа хабарламалар жіберуді, қосымша қызметтерді (VAS), соның ішінде мультимедиялық хабарламалар алмасуды, мобильді контентке қолжетімділікті, сондай-ақ деректерді беру қызметтерін, оның ішінде интернет желісіне қолжетімділікті ұсынады. Нарықта компания екі бренд арқылы ұсынылған: — Kcell, оның мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер); — Activ, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған. Компания Қазақстан Республикасының бүкіл дерлік аумағын қамтитын кең әрі жоғары сапалы ұялы байланыс желісі арқылы қызмет көрсетеді.
