

Компания Sulpak — Қазақстандағы тұрмыстық техника мен электроника сатылымы бойынша ең ірі сауда компаниясы және көшбасшы.
Sulpak компаниясы 1992 жылы Алматы қаласында Алмас Султанғазин мен Андрей Пак тарапынан құрылған.
Компания атауы құрылтайшылардың фамилияларының алғашқы буындарының бірігуінен пайда болған. Бастапқы кезеңде Sulpak Қазақстанның орталық қалаларында электроника мен тұрмыстық техниканы көтерме сатумен айналысты. 2001 жылдан бастап компания елдің барлық аймақтарында электроника және тұрмыстық техника сататын бөлшек сауда дүкендер желісін дамыта бастады.

