

Technodom — Қазақстандағы электр тұрмыстық және компьютерлік техника сататын жетекші ұлттық дүкендер желісі.
Компания 2002 жылы Алматы қаласында құрылған. Қазіргі таңда «Technodom» желісі Қазақстан аумағында 62 дүкенді және Қырғыз Республикасының астанасында 2 дүкенді қамтиды. Республика бойынша 26 қалада жалпы сауда алаңы шамамен 80 000 м² құрайды. Компания белсенді дамуын жалғастырып, жаңа және прогрессивті бағыттарға ашық.
