

ДБ АҚ «Банк Хоум Кредит» — Home Credit N.V. холдингтік компаниясының құрамына кіреді, ол тұтынушылық қаржыландыру саласындағы жаһандық платформа болып табылады.
Home Credit N.V. әлемнің 9 елінде жұмыс істейді, соның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдері, Қытай және Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бар. Бүгінде HCNV 123,7 миллионнан астам клиентке қызмет көрсеткен.
ДБ АҚ «Банк Хоум Кредит» бөлшек несиелеуге маманданған, тек теңгемен және тек жеке тұлғаларға несие береді. Қазақстандағы қызметі 2005 жылы басталды, 14 жыл ішінде банктің клиенттері 3,7 миллионнан асты. Клиенттердің 30%-дан астамы банкке 2 реттен көп жүгінген. Home Credit N.V.-тің стратегиялық бағыты — жауапты және қауіпсіз несиелеу.
