

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ — Қазақстан Республикасындағы ең ірі әмбебап коммерциялық банк, өз клиенттерінің игілігі үшін 95 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді.
Топтың миссиясы — Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде қаржы нарығының барлық сегменттерінде (банк, сақтандыру, бағалы қағаздар, лизинг) халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсету арқылы клиенттер мен акционерлердің қаражатын сақтау, тиімді орналастыру және көбейту болып табылады. Құндылықтары:
— Клиентке бағдарлану
— Сенімділік
— Көшбасшылық
— Жауапкершілік
— Адалдық
— Кәсібилік
