

Kaspi.kz өз миссиясын «адамдардың өмірін жақсарту» деп ұстанады және клиенттердің жеке қаржыларын басқару, тұрмыстық төлемдер жасау,
дүкендерде жәнеонлайн режимінде сатып алу тәсілдерін өзгерту бағытында қарқынды дамып келеді. Біз заманауи технологияларды, үлкен деректерді талдауды және мінсіз клиенттік тәжірибені қолдану арқылы жоғары сапалы қызметтер ұсынуға және клиенттерді өз экожүйемізге тартуға бағытталғанбыз. Kaspi.kz төрт негізгі платформаға негізделген: тұтынушылық қаржылық қызметтер, электронды қаржы платформасы, төлемдер платформасы және сауда алаңдары платформасы.
Біздің бөлімшеде сіз карточка немесе депозитті жылдам аша аласыз, себебі сізге 4 клиент менеджері қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар Aport моллында орнатылған банкоматтар мен терминалдарға қосымша тағы 2 терминал және 2 банкомат орнатылған.
